Сирия астанасы – Дамаск қаласында палестиндік экстремистік “Хамас” тобы жоғарғы басшысылығының мүшесі өлтірілді

Сирия астанасы – Дамаск қаласында палестиндік экстремистік “Хамас” тобы жоғарғы басшысылығының мүшесі өлтірілді. Дамаскіден батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, Изельдин Аш-Шайх Халиль бүгін бомба жарылысынан қаза болды. Бомба оның автоколігіне орнатылғанға ұқсайды. Бұл қастандық үшін “Хамас” ұйымы экстремистер кек алудан ешқайда бас сауғалап құтыла алмайды деп ескерткен Израильді айыптап отыр.