Бүгін Ирақта болған қақтығыстар мен шабуылдарда кем дегенде 11 адам, оның ішінде бейбіт халық та бар, қаза болды. Қақтығыстар Мосул, Бадуба қалаларында және Бағдадтың Садр-Сити ауданында болды. Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барнье бүгін: “Ирақтағы жанжал бойынша кез-келген халықаралық конференция – АҚШ бастаған коалициялық күштер Ирақты тастап кетуі керек пе?” -деген мәселені талдауға тиіс деп мәлімдеді. Бүгін сондай-ақ Иордания патшасы Абдулла иорданиялықтар мен италияндық өкілдер Ирақта кепілдікте тұтқындалған 2 италияндық әйелдің қапаста отырған жерін анықтау үстінде деп хабарлады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлл кеше Ирақтағы бас көтеру күшейіп барады, елдегі демократиялық процесті жоюды көздеген көтерілісті басуға АҚШ күш жұмсап жатыр деп атап көрсетті.