Ауғанстандағы АҚШ бастаған коалициялық күштер Пәкістан шекарасына жақын ауданда әскери патрульге тасадан шабуыл жасаған 15 тәліпті қолға түсірді

Ауғанстандағы АҚШ бастаған коалициялық күштер Пәкістан шекарасына жақын ауданда әскери патрульге тасадан шабуыл жасаған 15 тәліпті қолға түсірді. АҚШ армиясының бас өкілі Скотт Нильсеннің хабарлауынша, әлгі қақтығыстан кейін соңына коалициялық күштер түскен тәліптер Шкин деген ауданы маңында шекарадан өтпек болғанында Пәкістан әскері бөгет болып, қаруын тастаған. Нильсеннің айтуынша, тәліптер дүйсенбі күні ұсталған.