Палестина жауынгерлері Израйльге зымырандық шабуылдарын тоқтатқанға дейін әскери шабуылдарын одан әрі жалғастыратындарына Израйль өкімет басшысы Ариель Шарон уәде берді

Бірнеше ондаған танкілер және басқа да әскери техникалармен жарақтанған Израйль күштері Газа аймағының солтүстігінде 9 шаршы километрдей жерді өз бақылауларына алды. Бұл қадамдарын олар шекарадағы қалаларын палестиналықтар шабуылынан қорғау деп түсіндіруде. Сәрсенбі күні палестиналықтар тарапынан атылған зымыраннан израйльдік екі бала қаза болған еді. Содан бері Израйль тарапынан осындай тізбекті шабуылдар жүргізіліп келеді. Шарон мырза буферлік аймақты одан әрі кеңейтетіндіктерін айтуда.