Ирақта адамдарды кепілдікке ұстаушылар тұтқындағы 10 Түрік азаматын босатты

Бұл азаматтар кепілдікте бір айдан аса уақыттан бері болған еді. Әл-Жазира теле арнасының хабарына қарағанда, сол түрік жұмысшылары қызмет істейтін компания басшылары бұл елден кетуге уәде бергеннен кейін ғана осындай қадам жүзеге асқан екен. Ирақтағы АҚШ әскери базаларына жүк тасушы бұл Түркиялық жүргізушілер кепілдікке тұтқын ретінде нысанаға көбірек алынуда.