Қытай президенті Ху Жинтао сапарда жүрген Ресей президенті Владимир Путинмен бірге шығыс аймақтағы ортақ шегара бойынша келісімге қол қойған

Путинның айтуынша, бұл келісім екі ел арасындағы 40 жылға жалғасқан дау-дамайды доғаруға негіз болмақ.

-Сонымен, маңызды саяси қадам жасалды. Біз Қытай мен Ресей арасындағы 40 жылға созылған шегара мәселесін шештік. Бұл шешім екі елдің де мүддесіне сай келеді, - деген Ресей президенті.

Біріккен мәлімдемеде айтылғанындай, Қытай Ресейдің тез арада Әлем Сауда ұйымына қабылдануын қалайды екен. Президент Путинның Қытайдағы бұл 3 күндік сапары өзара дипломатиялық байланыстың 55 жылдығына сәйкес келіп отыр.