Бағдадтағы мұқият қоршалған Жасыл ауданда кеше бейсенбі күні екі жарылыс болып, кемінде он адам қаза тапты

АҚШтық ресмилердің айтуынша, АҚШ және Ирақ үкіметі кеңселері жайғасқан ол ауданда қаза тапқандар арасында 4 американдық және 6 Ирақ азаматы бар. АҚШ елшілігінен және шет елдік қызмет топтарынан жарақат алғандар бар. Ол жанкештілік шабуылдарына Ал-Зарқауи жетекшілігіндегі топ жауапкершілікті өз мойнына алған.