Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы жаңа рекордтық деңгейге жетіп отыр

Бір баррель мұнай 55 доллардан артық бағаға сатыла бастады. Сөйтіп, жыл басынан бері мұнай бағасы 70 процентке өсті. Экономист мамандардың ескертуіне қарағанда, мұнай бағасының бұлайша өсуі әлемдік деңгейдегі экономикалық дамуға кері әсерін түгізе бастауы мүмкін.