Американ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел Қытай президенті Ху Цинтао және елдің басқа да жетекшілерімен болған кездеулерінде адам құқықтары және Солтүстік Корея мен Тайвань мәселелерін талқылаған

Бейжіңде журналистермен болған кездесуде Пауел Солтүстік Корей ядролық бағдарламасына байланысты алтыжақты келіссөздердің кезекті буынын өткізу қажеттігіне байланысты Қытай президентімен арада келіскенін хабарлады. А.Қ.Ш., Солтүстік Корея, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай арасындағы алтыжақты келіссөздер Солтүстік Кореяны атомдық қару жасамауға көндіру мәселесінде пәлендей нәтижеге қол жеткізе алмай келеді.

Қытайға дейін Жапонияда болған Американ Мемлекеттік хатшысының ендігі аялдайтын жері Солтүстік Корея болмақ.