Ирақта сейсенбі күні болған жол жағасында және көлік бомбы жарылыстарынан ондаған адам қаза тапты

Бағдадтың Адхамия ауданында Білім министрлігі алдында болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 8 кісі жарақат алды. Солтүстіктегі Мосул қаласында, Ирақ Ұлттық күзеті маңайында көлік жарылып 2 қызметкер мерт болып, 4 і жарақат алды.

Бұл арада Ал Жазира теледидары бағдарламасында, Ал Зарқауи тобы интернет бейне таспасымен жапониялық тұтқын Шосей Коданың қалай басы кесілгенін көрсеткен. Коданың мәйіті сенбі күні Бағдадта табылған еді.