Ақ үй әкімшілігінің жетекшісі Эндрю Кард: президент Дж.Буш – кешегі сайлауда өзінің Ақ үйге қайта сайланғанына сенімді

Ақ үй әкімшілігінің жетекшісі Эндрю Кардтың мәлімдегендей, президент Дж.Буш – кешегі сайлауда өзінің Ақ үйге қайта сайланғанына сенімді. Э.Кардтың айтуынша, Дж.Буш өзінің бақталасы демократ- сенатор Джон Керриге “сайлау нәтижесін қорытындылауына” уақыт беру үшін өз жеңісін жариялауға асықпай отыр: “Огойа штатында Дж.Буш кем дегенде 140 мың дауыс алып көш бастап келеді. Мемлекеттік хатшының Огойо штатындағы кеңсесінен хабарланғандай, бұл аймақтағы дауыстарды уақытша сайлау бюллетеньдері қарастырылған күнде де есепке алу қиын”.