Македония президенті Б.Чрвенковский бүгін АҚШ-тың бұрынғы Югославия республикасының жанжал туғызған қазіргі “Македония” атауын мойындағанына алғыс айтты

Македония президенті Бранко Чрвенковский бүгін АҚШ-тың бұрынғы Югославия республикасының жанжал туғызған қазіргі “Македония” атауын мойындағанына алғыс айтты. Вашингтон жағынан ол шешім туралы ресми хабар әлі болған жоқ. Соған қарамастан Бранко Чрвенковский АҚШ-тың мойындауын “Македония үшін және барлық македондық үшін де үлкен күн” деп бағалады. Ол, сонымен қатар, әлгі шешімді “Македония” деген атауға наразылық білдірген Грекиямен арадағы қатынаста көтермеуге міндеттенді.