Судан өкіметі мен Дарфур аймағының көтерілісші екі тобы бүгін келісімдерге қол қойды

Ол құжаттарда өзара жауығушылықты тоқтатып, босқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл қос келісімшартқа қол қою үдерісін Африка одағының қазіргі төрағасы, Нигерия елбасы Олусегун Обасанжо бақылады.