Палестина мемлекетін құру жөніндегі екінші оралымға байланысты Мысыр елбасы Хосни Мүбарактың көзқарасын АҚШ елбасы Джордж Буш сұрады

Мүбарак мырза Израйль-Палестина бейбіт келісімдерінде тұрақты түрде ара ағайындық рөл атқарып келеді. Арнайы телефон шала отырып Буш мырза осы істе Мысыр елбасының бұдан да белсендірек әріптестік орнатуы жөнінде ақылдасты.