АҚШ-тың бастауындағы әскери күштер бүгін көтерілісшілерді Фаллужа қаласындағы тар қуысқа ығыстыра түсті

Әскерилердің айтуынша қаланың 70 пайызына олар бақылау орнатып отыр. АҚШ бас лейтенанты Джон Сатлер журналистерге берген сұхбатында: “Мақсат-тұтас Фаллужа қаласын азат ету. Ол мақсаттың бір бөлігі- көтерілісшілер үшін қала бойынша ешқандай қауіпсіз жердің қалмауын қамтамасыз ету”-, деді ол. Ирақ өкіметі “біраз көтерілісші топтар қаруларын тастауды қалады”,-деп отыр.