Палестинаны азат ету қозғалысының басшысы ретінде Ясир Арафаттың мұрагері Фарух Каддуми Израильмен арадағы бейбіт келіссөзге өзінің дайын екенін және, онымен қоса, егер келіссөздер сәтсіз аяқталатын болса – қарулы қарсылықты да әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеді. “Хезболлаһ”-тың Ам-Манар телеарнасына телефон арқылы берген сұхбатында Фарух Қаддуми осылай деп атап көрсетті. Қаддуми – Ясир Арафатпен бірге 1965 жылы “Палестинаны азат ету қозғалысының” іргесін қалаған адам.