НАТО жасақтары Ауғанстанның батыс жағында бейбітшілік сақтау шараларын одан әрі кеңейтпекші

Бұл шаралар елде алдағы көктемде болатын Парламенттік сайлаулардың қалыпты жағдайда өтуіне алғы шарт жасайтын болады. Бұл жөнінде НАТО бас хатшысы Жип Де Хуп Шеффер мәлімдеді. Ауған жерінде қазіргі кезде 9 мыңдай НАТО әскерилері тұр. Жаңадан қосылатын күштер санын бас хатшы айта қойған жоқ.