Сербия президенті Борис Тадич бүгін Мәскеуде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, Косова өлкесінің тәуелсіздігі жөніндегі бастаманы Сербия қолдамайды деп мәлімдеді. Ресейлік әріптесін Б.Тадич: “Тәуелсіз Косово – “Еуропаның қауіпсіздігіне қатер” туғызады”, -деп ескертіп, Мәскеу Сербияның осы өлкедегі мүддесін қолдайды деген үмітін білдірді. Мәскеуде жеке өзі өткізген баспасөз-маслихатында Сербияның мәдениет және ақпарат министрі Драган Коядинович Косово өлкесіндегі соғыс кезінде осы өлкеден босып кеткен 250 мыңға жуық сербті туған өлкесіне қайтару жөніндегі Белградтың талабын тағы еске салды.