ЮКОС-тың басты бөлімінің бірі ауционға түспекші

Юганскнефтегаздың аукциондағы бағасын және сатылатын мерзімін Ресей өкіметі нақты белгіледі. Федералдық Мүлік қоры аукционның 19-шы желтоқсанда өтетіндігі жөнінде бүгін хабарлады. Оның бастапқы бағасы 8 миллиард 650 миллион доллар болмақ. Одан түскен қаржының белгілі бір бөлігі ЮКОС-тың салық қарызының орынын жабуға жұмсалмақшы.