Дж.Буш-В.Путин: Ресейдегі биліктің бір орталыққа шоғырлануына жол беретін саяси реформаларға Дж.Буш алаңдаушылығын білдірді

АҚШ пен Ресей президенттері Дж.Буш пен Владимир Путин Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығының Сантьягодағы кездесуінің сыртында өзара келіссөз өткізді. Аты-жөнін атамаған ресми АҚШ өкілінің хабарлауынша, Ресейдегі бар биліктің бірыңғай орталыққа шоғырлануына жол беретін саяси реформаларға Дж.Буш алаңдаушылығын білдірген. Өз кезегінде В.Путин өзінің мақсаты – Ресейдің тарихи ерекшелігіне сәйкес, демократиялық жүйе қалыптастыру деп жауап қайырған. Одан бұрынғы хабарға сәйкес, Дж.Буш пен В.Путин келесі жылдың басында екі жақты кездесу өткізу туралы уағдаласқан көрінеді.