БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Иран мен Түркіменстандағы адам құқықтарының ахуалы бойынша Қарар қабылдады

Кеше БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Иран мен Түркіменстандағы адам құқықтарына сын көзқарастағы Қарарын дауысқа салды. Иран бойынша Қарарды БҰҰ-ына мүше 191 елдің 55-і қалыс қалып, 71-і қолдап, 54 ел қарсы дауыс берсе, Түркіменстан бойынша 47 ел қарсы, 69-ы қолдап, 63 ел қалыс қалды. Қытай мен Пәкістанның қолдауына сүйенген Түркіменстан дауыс беруді кейінге қалдыруды ұсынып, онысы қолдау таппады. Бас Ассамблея Қарарының ешқандай заңдық күші жоқ, бірақ халықаралық қауымдастықтың көзқарасын білдіреді.