Ирақта сәрсенбі күні болған жанкештілік бомбы шабуылдарында кемінде 21 адам қаза тапқан

Бағдадтың оңтүстігіндегі Хилла қыстағында жергілікті полиция академиясы алдында жарылған жанпидашылық бомбы шабуылында 13 адам мерт болып, 25 кісі жарақат алды. - Әрине біз Ирақ азаматтарының қауіпсіздік жөніндегі алаңдаушылығын дұрыс түсінеміз. Біз лаңкестік әрекеттеріне, саяси даму үдерісіне кедергі жасап, елді бүліндіруге жол бермейміз. Сондықтан, Ирақ азаматтарын алдағы сайлауда белсенді қатысуға шақырамын, - дейді Ирақ бас министрі Айад Аллауи.

Ирақ барлау агенттігінің басшысы Мохаммад Абдұлла ал-Шауханидің айтуынша, Ирақта 20, 30 мыңдай қарулы жұмыс атқаруда. Сондықтан шамамен бір жыл ішінде қарулы шабуылдар барынша азая түсуі мүмкін, дейді, Ал-Шахвани.