Саудиялықтар 82 миллион доллар көмек жолдамақ

Сауыд Арабия елінде цунами апатынан зардап шеккен аймаққа көмек көрсету жөнінде 14 сағат бойы телемарафон қайырымдылық шарасы өткізілді. Нәтижесінде саудиялық азаматтар апат аймағына 82 миллион доллар көмек жолдаймыз деп уәде айтты. Сауыд Арабиясы апат аймағына жеткілікті көмек өрсетпей жатыр, ал қаза тапқандардың көпшілігі мұсылман азаматтар деп айтылатын осы күнге шейін. Сауыд үкіметі 30 миллион доллар жолдаймыз деді. Әлем үкіметтері мен халықаралық ұйымдар айтқан уәделердің сомасы 4 миллиард доллардан асып отыр. Жеке азаматтардың көмектері 900 миллион долларға жетпек.