Ауғанстанның 80 азаматын АҚШ өкілдері босатты

Лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен түрмеге жабылған 80 ауғандық Құрама Штаттарының Ауғанстандағы Бағрам базасынан босатылды. Олар қос автобуспен Қабыл қаласындағы Жоғарғы сотқа жеткізілді. Бұл азаматтар 2001-ші жылы ұсталған екен. Ендігі жерде тағдырларын Ауған Жоғарғы соты шешетін болады. Бұл босатулар жөнінде Қабылдағы АҚШ әскери өкілдері ешқандай түсініктеме бере қойған жоқ.