Украина Жоғарғы соты Виктор Януковичтің арызын қарауды бастады

Елбасылық сайлаулар барысында Виктор Ющенкодан жеңіліс тапқан дауыс нәтижесін әділетсіз деп есептеген Янукович енді міне Жоғарғы соттың шешімін күтуде. Желтоқсанның 26-да болған сайлаулар барысында Януковичтің 44,2 ал оппозиция өкілі Виктор Ющенконың 51,99 пайыз дауыс жинақтағаны белгілі. Януковичтің осы арызы толық қанағаттандырылғанға дейін батысшыл-реформашыл бағыттағы Ющенко ресми түрде қызметіне кірісе алмайды. Януковичтің бұған дейін тапсырған арыздарын Жоғарғы сот теріске шығарған болатын.