Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауи: Басты мақсат-сайлау кезіндегі қауіпсіздік

Ияд Аллауи 30 қаңтарда өткелі отырған сайлаудың қауіпсіздігі өз үкіметінің ең басты назарда ұстап отырған мәселесі екендігін айтқан. Ирақ шекарасынан шетелдік көтерілісшілердің ағылып өтуіне жол бермеудің шаралары қамтамасыз етілетін болады деген ол: -Қауіпсіздік -біздің басты мақсатымыз. Біз терроризмді жеңуіміз керек және біздің елімізге сырттан келетін көтерілісшілердің жолын кесуіміз қажет. Ирақтың тәуелсіз сайлау комиссиясының өкілі Фарид Аяр дауыс берулер барысында Ирақ шекарасын жабу, түнгі коменданттық сағатты кеңейту, елдің өз ішіндегі қозғалысты шектеу жоспарлары жөнінде жария еткен болатын. АҚШ генералы Джон Саттлер суннит көтерілісшілерінің орталығы Фаллужа мен Рамади қалаларында сайлау өтетін болады деген. Кеше Бағдадта шииттердің жетекші партиясының кеңсесіне көлік бомбасымен жанкештілік шабуыл жасалған. Жүргізушімен бірге екі адам опат болған. АҚШ әскерилері бір американ солдаты қаза болды деп айтқан. Ватикан Мосулда дүйсенбі күні қолды болған католик архиепископы босатылды деп хабарлаған. Көтерілісшілер Ирақта 8 қытайдың кепілдікте ұсталып отырғаны жөнінде видеотаспа көрсеткен.