Мәскеудегі жатақханадан шыққан өртте 10 кісі мерт болды

Бүгін таңертең ерте Мәскеудің солтүстігінде бір ақпар бойынша қорғаныс министрлігіне қарайтын жатақханада өрт шығып, 2 қызметкер отқа күйіп, 10 адам мерт болды. От жалыны 4 қабатты жатақхананың 2 қабатын қарпып өткен. Ресейдің ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлағандай, әлгі жатақханада 32 отбасы тұрған. Олар қазір қауіпсіз жерге көшірілген.