Ирақтағы сайлау алды жағдай күрделі күйінде қалып тұр

Бағдаттың солтүстігіндегі болған қос бірдей бомбалық жарылыстан 11 адам қаза болған. Қалада бұдан бұрын болған қауіпсіздік күштері мен көтерілісшілер арасындағы шайқастан 4 азамат көз жұмды. Бақубадағы өкімет кеңсесіне жақын жерде болған көлік жарылысынан бес адам қаза болған. Ирақ өкіметі қауіпсіздік қызметкерлерінің барлық демалыстарын тоқтатты. Сайлау және санақ бекеттерін қорғау үшін қосымша тағы 2 жарым мың күштің қосылатындығын Ирақ өкіметі айтып отыр. Сондай-ақ мұнай құбырларын қорғау үшін 9 мың әскери жұмылдырылмақшы. Сайлаулардан екі күн бұрын және екі күн кейін елде ұлттық демалыс күндерінің болатындығын өкімет өкілдері хабарлап отыр.