Жалпы шет елдердегі 280 мыңдай ирақ азаматы сайлауға тіркелген. Бір ғана Берлинде алғашқы сағатта 80 ирақтық дауыс берген. Сондай-ақ Лондон, Техрон, Анқара, Амман және өзге ондаған қалаларда сайлаушы азаматтар белсенділік байқатуда. Жексенбі күнгі сайлау қарсаңында қылмыстық шабуылдар жалғасып бүгін жұмада Бағдадтың оңтүстігінде көлік бомбысы жарылып 4 адам қаза тапты. Ал кеше бейсенбіде болған зымыран, жанкештілік бомбы шабуылдарында кемінде 20 кісі мерт болған.