Тәліптер Ауғанстанда әлі де белсенді қарсылық көрсетуде

Жексенбі күні Ауғанстаның оңтүстігіндегі Кандагар қаласынан 14 шақырым жерде шағын жолаушы көлігі жол бойына орнатылған минаға жарылып, үкіметтің жергілікті өкілі Халық Паштанның хабарлауынша, одан 5 адам қаза болып, 9 кісі жараланды. Ауғанстанда биліктен тайдырылған Талибан қозғалысының қалдықтары елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, әсіресе Пәкістанмен арадағы шекараға жақын аудандарда әлі де белсенді қарсылық көрсетіп жатыр.