Ватикан: “Рим Папасы ауруханада тағы бір апта жатады”

РИМ: Ватикан өкілінің хабарлауынша, Рим Папасы Йоанн ІІ-Павелдің ауруханадағы екінші түні де бірқалыпта өтті. Бірақ Ватикан өкілі Наварро-Воллстың ескертуінше, понтифик ауруханада әлі бір аптадай жатуы мүмкін. Йоанн ІІ-Павел жексенбіден бері тұмаулатып жатып, өкпесі асқынған соң дереу Римдегі Гемелли ауруханасына жатқызылды.