Қырғызстан президенті А.Ақаев ақпан айының соңына қарай өтетін парламенттік сайлауда жастарды Қырғыз үкіметін қолдауға шақырды

Ақаевтің айтуынша, үкіметтің шет елдерде көптеген достары бар.

-Кейде, Қырғызстан мәселесіне келгенде, оппозиция АҚШ пен Ресейдің өзара тартысқандығын қалайтындай. Ондай боларына мен күдікпен қараймын. Америкада біздің достарымыз жеткілікті. АҚШ пен біздің демократияны дамыту жөніндегі көзқарасымыз бірдей, - деген президент Ақаев жастарға қайрылып.

Сондай-ақ, сәрсенбі күні кешке, А. Ақаев Ақсақалдар кеңесімен кездескенде , шет елдік революцияға абайлау қажет деп ескерткен. Оған себеп, соңғы кездері оппозициондық ұйымдар, Қырғызстанға да үлгі ретінде, Гүржістан мен Украинада орын алған саяси төңкерістер жөнінде жиі ата бастады.