Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Грузия астанасы Тбилисиге келді

Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға бағытталған. Бірақ кеше, Лавров жікшілдік бағыттағы Абхазия және Оңтүстік Осетия күштермен шайқас барысында қаза болған грузин азаматтарына орнатылған ескерткішке барудан бас тартқаннан кейін, Грузияның Сыртқы істер министрі Салом Зурабишвили Лавровтың бастартуына сын айтты. Сондай-ақ, бүгін Тбилисидегі Ресей елшілігінің жанында осыған орай Грузия азаматтары наразылық көрсетуде.