Дүйсенбі күні Дж.Буш Америка мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастыққа байланысты сөз сөйлейді

Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш Еуроодақ елдеріне сапарға келеді. Сапар барысында ол Брюссельде Еуродақ пен НАТО-ның жетекшілерімен кездесуге тиіс. Ақпанның 24-іне Словакия астанасы – Братиславада Дж. Буштың Ресей президенті В.Путинмен бас қосады. Дүйсенбі күні АҚШ президенті Брюссельде трансатлантикалық немесе Америка мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастыққа байланысты өзінің бағдарламалық сөзін сөйлейді деп күтілуде.