Испандықтар Еуропа Ата заңын кең тұрғыда қолдап шықты

Жексенбі күні болған бұл референдумға сайлаушылардың 42 пайызы қатысқан екен. Референдумға қатысқандардың 70 пайызының дауысы есептелгенде мынандай жағдай анықталды. Осы үдеріске қатысқандардың 77 пайызы Ата заңды қолдап, ал 16-сы қарсы болып дауыс берген екен. Мажарстан, Литва, Словения елдерінің Парламенттері де Еуропа Ата заңын қолдап шыққан еді. Алайда аталған мәселені жалпы халықтық дауысқа салған бірінше ел-осы Испания болып отыр.