Сирия Израиль тарапынан жасалған айыптарды жоққа шығарды

Тель-Авивте болған шабуылға қатысымыз жоқ деді Сирияның сыртқы істер министрлігінің өкілі. Израиль қорғаныс министрі Шауль Мофаз жұма күні Тель-Авивте болған жанкештілік шабуылды Сирия және "Ислам Джихады" ұйымы ұйымдастырды деп мәлімдеді. Шабуыл салдарынан 4 адам қаза тауып, 30 адам жараланған болатын. Жауапкершілікті "Ислам Джихады" ұйымы мойнына алды. Израиль және Палестина қауіпсіздік мекемелері шабуылға қатысы бар деген күдікпен сегіз палестиндік азаматты қамауға алды.