Саддам Хусейннің туысы және оның бұрынғы кеңесшісі тұтқынға түсті

Бұл жөнінде Ирақ өкіметі хабарлап отыр. Сабауи Ибрагим әл-Тикрити - АҚШ-тың ұстағысы келетін адамдары туралы әскери тізіміндегі 36-шы орында тұрған тұлға. Осыдан бірнеше ай бұрын Ирақ өкіметі “Ибрагим - Ирақтағы көтерілісті ұйымдастырушы әрі, кем дегенде, Баас партиясының екі мүшесінің бірі” деп жариялаған болатын. Оның бауырлары Ватбан және Барзан да қазір түрмеде отыр.