БАҒДАД. Бүгін Ирақтың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Муафақ Әр-Рубаи үкімет күштері елдегі көтерілісшілердің көсемі Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің бас сауғалаған жерін табуға жақын деп мәлімдеді. Бағдадтағы “Азат Ирақ” радиосына берген сұхбатында ол Ирақ халқы таяуда, оның өз сөзімен айтқанда, “жақсы жаңалықты” есітуі мүмкін деп мәлімдеді.
- Қауіпсіздік мәселесіне байланысты бұл істің жай-жапсарын мен хабарлай алмаймын. Бірақ, біздің Әз-Зарқауи мен оның жақын маңайындағыларды ұстауға жақын қалғанымызды айта аламын. Бәлкім, алдағы бірнеше аптада біздің халқымыз жақсы жаңалықтардан құлағдар болатын да шығар, - деді Муафақ Әр-Рубаи.