Қырғыз оппозициясы парламент сайлауының нәтижесін жоюды талап еткен наразылығын жалғастыруда.

БІШКЕК: Қырғызстанда оппозицияның таяуда болып өткен парламент сайлауының нәтижесін жоюды талап еткен наразылық қимылдары толастамай жалғасуда. Сейсенбі күні құқық сақшылары Базарқорған ауданында наразылыққа шыққандардың әкімшілік үйінде қамауда ұстаған билік өкілін босатты. Бірнеше күн бұрын ұстап отырған Талас облысының және Бақайата ауданының әкімдерін оппозиция өкілдерінің өздері босатты. Бірнеше облыста мыңдаған адамның наразылығы күн сайын жалғасып, Бішкек-Ош автожолын бөгеп тұр.