Тулкарым қаласын палестиналықтар қолына қайта тапсыру ісінде қиын түйіндер пайда болып отыр.

Батыс жағалаудағы Тулкарм қаласын палестиналықтар қолына тапсыру дүйесенбіге белгіленген болатын. Алайда, кешкі келіссөздер барысында мәселенің жекелеген бүге-шігелерін ақылдасу барысында ортақ келісімге қол жеткізілмеген. Дүйсенбіде сөйлесулер одан әрі жалғаспақшы. Қайтарылатын бес қаланың екіншісі-осы Тулкарм. Өткен аптада Иерйхо қаласы тапсырылған еді. Үшінші қала- Қалқилиал болмақшы.