Премьер Ю.Тимошенко Ресей президентінің шақыруымен Мәскеуге бармақшы.

КИЕВ: Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко Ресей президенті В.Путиннің шақыруы бойынша Мәскеуге сапарға бармақшы. Ол жайында Ю.Тимошенко жексенбі күні украин телеарнасына берген сұхбатында хабарлады. Бүгін премьер-министрдің баспасөз-қызметі оны растады, бірақ сапардың нақты мерзімі әлі белгіленбегенін ескертті. Теледидардан сөйлеген сөзінде Ю.Тимошенко Мәскеуге екі елдің арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында баратынын атап көрсетті. Өткен айда Ресейдің Бас прокуратурасы егер Ю.Тимошенко ресми сапармен Ресейге келетін болса, оған қарсы қылмыстық істің қозғалғанына қарамастан, қамауға алынбайды деп мәлімдеген болатын.