Рим Папасы Иоанн ІІ-Павел тамағына жасалған операциядан әлі сауықпады

РИМ: Кеше христиандар – католиктер мен протестанттардың басым бөлігі Мұса пайғамбардың қайта тірілген күні - діни Пасха мерекесінің бірінші күнін атап өтті. Рим Папасы Йоанн ІІ-Павел Құдайға құлшылық ету үшін Римдегі әулие Петр алаңына жиналған ондаған мың халыққа құттықтауын микрофон арқылы жолдамақ болып еді, дауысы шықпады. 84 жастағы понтифик тамағына 4 апта бұрын жасалған операциядан әлі толық сауықпаған көрінеді. Оның құттықтау сөзін халыққа көмекшісі кардинал Анджело Содано оқып берді. “Ол бүгін бізбен бірге және шын жүрегімен біздің саулығымызды тілейді”.