Беларусия оппозициясын қолдайтын 30 адам бүгін сотқа тартылды

Беларус оппозициясын қолдайтын 30 адам бүгін өкіметке қарсы заңсыз шерулер ұйымдастырды деген айыппен сотқа тартылды. Бұдан бұрын полиция өкілі жұма күні өткен наразылық шерулерге қатысқан адамдардың 3 жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін екендігін айтқан болатын. Ол шерулер саясаткер Михайл Маринич және басқа да оппозиция өкілдерінің түрмеге жабылғандығына қарсылық ретінде өткен еді. Полиция шеруді қуып, күшпен таратқан болатын.