Қырғызстанның бұрынғы қос палаталы парламенті ел мүддесі үшін жаңа парламентке орын берді.

БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан парламентінің жоғарғы палатасы да жұмысын тоқтатып, таяуда сайланған бір палаталы жаңа парламентке орын береді деп күтілуде. Өз жұмысын кеше тоқтатқан төменгі палатаның спикері Ишенбай Қадырбеков Жоғарғы соттың соңғы парламент сайлауының нәтижесін жоюына қарамастан, ел мүддесі үшін және президент сайлауының тыныш өтуі үшін заң шығарушы жиналыс өз жұмысын доғарады деп мәлімдеді. Дүйсенбі күні мерзімі аяқталған парламенттің ізінше жаңа парламент те Қ.Бәкиевті президенттің әрі премьер-министрдің міндетін атқарушы етіп бекітіп, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ Қырғызстанның жаңа үкіметіне қолдау білдірді.