Ирақ парламенті сессиясын жексенбіде қайта жалғастырады

Бүгін өзінің алғашқы сессиясын кешіктіріп бастаған Ирақтың Ұлттық ассамблеясы бірер сағат бойына басшыларымен пікірталастырған, соңынан журналистерді шығарып жіберіп те, айтыс-тартыстарын жалғастырып, бәрібір бір мәмлеге келе алмай тарасқан. Олар өз жұмыстарын жексенбі күні қайта жалғастыратын болып шешті.