Ирақта тағы жеті адам қаза тапты

АҚШ қорғаныс министрлігі Ирақта көтерілісшілердің басшысы Әбу Мұсаб Әл-Зарқауидің жақын көмекшісін тұтқында ұстап отырмыз деп жариялады. Бұл азамат Ирақта былтырғы жылдың соңында ұсталған, ол бірнеше қалада көтерілісшілер топтарына көмек көрсеткен деп айтылды. Ирақта кеше екі жерде шабуыл жасалды, кемінде жеті адам қаза тапты. Ирақтың солтүстігінде көліктегі бомба жарылып, әскери бекетте үш ирақтық сарбаз және екі жай тұрғын қаза тапты. Самарра қаласында дәл осындай шабуыл жасалып, кемінде екі ирақтық сарбаз көз жұмды.