Ливанда төртінші бомба жарылды

Ливан үкіметі ел астанасы Бейрут қаласының шетінде, христиандар тұратын жердегі сауда орталығында бомба жарылды. Адам шығынының болған-болмағаны әзірше анық емес. Ливан христиандары тұратын аймақта соңғы екі аптада осымен төртінші жарылыс орын алды. 14 ақпанда бұрынғы бас министр Рафик Харириге қастандық жасалғалы бері Ливан берекесіздікке тап болды.