В.Путин Мәскеу мен Душанбе арасындағы ынтымақтастықтың дамуына қанағаттанады

СОЧИ. Бүгін Ресей президенті В.Путин Қара теңіз жағалауындағы Сочи қаласында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновпен кездесті. Екіжақты келіссөзде Мәскеу мен Душанбе арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасқа және ТМД реформалау мәселелеріне ден қойылды. Тәжік әріптесімен бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында В.Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқынына қанағаттанатынын атап көрсетті.