Кеңес мүшелері бұл қарарды бірауыздан қолдап дауыс берді. БҰҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ливанның өзінде осы өлімге байланысты бұған дейін жүргізілген зерттеулер толыққанды болмай тұр. АҚШ Мемлекеттік департаменті, бұл орайда, толық зерттеулердің жүргізілетініне сенім білдіруде. Қарарға бастапқы кезде АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдері қолдау көрсеткен болатын.