Бухенвальд азаптау лагері тұтқындарының азат етілгеніне 60 жыл толғаны аталып өтпек

Бұл еске алу шарасына бұрынғы тұтқындар да қатысады. Олардың арасында Нобель сыйлығының иегері, Мажарстандық жазушы Имре Кертетс те бар. Бухенвальд лагерінде 56 мыңнан астам тұтқын құрбан болған еді. Олардың арасында еврейлер және совет елінің азаматтары да қаза тапты.